Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 77 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 03 наурызда № 3742 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 302 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 28.06.2018 № 302 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 12-6), 12-7) тармақшаларына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығымен бекітілген Қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы "Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" № 212 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 22 мамырында № 3173 тіркелген, "Жетісу" газетінде 2015 жылдың 26 мамырында № 59 және "Огни Алатау" газетінде 2015 жылдың 26 мамырында № 59 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3.. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "16" ақпандағы № 77 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы әкімдігінің 24.11.2016 № 574 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

Тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете қайта өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/литр (теңге/килограмм)

Қант қызылшасы

Қант

9,0
 

Сүт

Сары май

12,0
 

Сүт

Қатты ірімшік

20,0
 

Сүт

Құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған)

15,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады