2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 395 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 22 шілдеде № 3905 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 18.05.2017 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
      2016 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
      3. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы "2015 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 12 қарашасында № 3544 тіркелген, "Жетісу" газетінде 2015 жылдың 28 қарашасында № 133 және "Огни Алатау" газетінде 2015 жылдың 28 қарашасында № 133 жарияланған) № 447 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "19" шілде № 395 қаулысына 1-қосымша

2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

№ р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1

Күздік бидай

2

Арпа

3

Дәндік жүгері

4

Күріш

5

Майлы дақылдар

6

Қант қызылшасы

7

Картоп

8

Көкөніс және бақша

9

Жабық топырақтағы көкөністер

10

Жемшөптік дақылдар

11

Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарына

12

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші,екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)

13

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс


  Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "19" шілде №395 қаулысына 2-қосымша

2016 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары


р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1 гектарға арналған
субсидиялар нормалары, теңге

1 тоннаға арналған субсидияның нормасы, теңге

1

Күздік бидай

800


2

Арпа

2400


3

Дәндік жүгері
 

30000


4

Күріш
 

17000


5

Майлы дақылдар, соның ішінде:
 



5.1

майбұршақ

4500


5.2

күнбағыс

4500


5.3

мақсары

4500


6

Қант қызылшасы
 

30000

1500

7

Картоп
 

17000


8

Картоп (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)

34000


9

Көкөніс-бақша
 

15000


10

Көкөніс-бақша (өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген)

30000


11

Жемшөптік дақылдар

6500


12

Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы

6500


13

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көпжылдық шөптер (көпжылдық шөптердің көнежастағы егістігін жырту ғана ескеріледі)

6500


14

Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
 

6500


15

Өнеркәсіп жылыжай кешенінде өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)

3800000


16

Фермерлік жылыжайда өсірілген жабық топырақтағы көкөністер (1 дақыл айналымына)

1900000



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады