Ақсу ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 3-14 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 26 мамырда № 3852 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 шілдедегі № 49-230 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 26.07.2019 № 49-230 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсу ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Ақсу аудандық мәслихатының аппарат басшысы Үсенов Нұрбол Қаметқалиевичқа осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының "Экономикалық және аймақтық даму, өндіріс салалары, аграрлық-экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы Р. Сексенбаева
      Ақсу аудандық мәслихат
      хатшысы Б. Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады