Ескелді ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 3-15 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 26 мамырда № 3850 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 26-173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 27.02.2018 № 26-173 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылдың 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі "Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша З. Ілімжанова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Жапабаев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Қ. Алпысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады