Талғар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 4-21 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 09 маусымда № 3881 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 27-136 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 28.03.2018 № 27-136 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. "Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша М.Тыныбай) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік-экономикалық дамыту, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Түргенбаев
      Талғар аудандық мәслихатының
      хатшысы Ж. Еңкебайұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады