Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 2-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 маусымда № 3110 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 ақпандағы № 18-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 26.02.2024 № 18-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 27 бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 16.03.2018 № 26-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен сон қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудандық мәслихаттың аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      хатшысы Н. Тлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады