Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Кертінді ауылының әкімінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 ақпандағы № 3671 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 1 қазандағы қорытындысына сәйкес Нұра ауданы Кертінді ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Нұра ауданы Кертінді ауылының көшелері:
      1) Колхозная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;
      2) Механизатор көшесі Мәншүк Мәметова көшесіне;
      3) Кеңес көшесі Мүтәш Сүлейменов көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауыл әкімі Е. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады