Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 тамыздағы 47 сессиясының № 505 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарлату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 ақпандағы 56 сессиясының № 601 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 наурызда № 3695 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 ақпандағы № 599 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 13.02.2019 № 599 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында Осакаров аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 тамыздағы 47 сессиясының № 505 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарлату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3398 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қыркүйекте № 38 (7470) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылы 25 қыркүйекте жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағы, 444-бабының 1-тармағы және "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Осакаров аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатың бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бойынша тұрақты комиссиясына (В.К. Эммерих) жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Ревякина
      Аудандық маслихаттың хатшысы К. Саккулаков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Осакаров ауданының жер
      қатынастары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін атқаруші С. Куликов

      2016 жыл "9" ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады