Тасбөгет кентінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті әкімінің 2016 жылғы 01 ақпандағы № 1037 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 наурызда № 5387 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы №4 қорытындысына сәйкес Тасбөгет кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің келесі көшелеріне:
      1) №1 жобалық көшесіне "Қыпшақбай Юсуповтың" есімі;
      2) №3 жобалық көшесіне "Әлжан Жалғасбаевтың" есімі;
      3) №5 жобалық көшесіне "Сыздық Шажанбаевтың" есімі;
      4) №7 жобалық көшесіне "Қамранбай Байдәулетовтің" есімі;
      5) №9 жобалық көшесіне "Қалжан Тілеубергеновтің" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары Е.Рахматуллаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тасбөгет кентінің әкімі Ж. Алиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады