2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 41-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 наурызда № 5406 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Ж. Әлішеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ

  Аудан әкімдігінің
2016 жылғы "29" ақпандағы
№ 41-қ қаулысына қосымша

2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Балабақшалар

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
(Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
(Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)
 

1

Арал ауданы

1734

21048

19745

12726

21210


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады