Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 қыркүйектегі № 156-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 5599 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 91-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 26.08.2020 № 91-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары М. Оразбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Арал аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
___________ А. Тасқынбаев
"2" қыркүйек 2016 жыл

  Арал ауданы әкiмдігiнiң
2016 жылғы "2" қыркүйектегі
№ 156-қ қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдің
мекен-жайы

Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшерлері

1

Арал қаласы, Ә. Сатаев көшесі № 1 В, 3 А, 3 Б үйлер

57 теңге 28 тиын

2

Арал қаласы, Ж. Әлімбетов көшесі № 5, 7, 11, 19 үйлер

60 теңге 10 тиын

3

Арал қаласы, Ж. Әлімбетов көшесі № 86, 88 үйлер

61 теңге 64 тиын

4

Арал қаласы, Кіші Арал көшесі № 1, 3, 5, 7, 9 үйлер

75 теңге 91 тиын

5

Арал қаласы, Байқоңыр көшесі № 6, 8, 10 үйлер

75 теңге 91 тиын

6

Арал қаласы, Байқоңыр көшесі № 2, 4 үйлер

72 теңге 43 тиын

7

Арал қаласы, Байқоңыр көшесі № 5, 9, 11, 13, 15, 17, 19 үйлер

88 теңге 28 тиын

8

Арал қаласы, Байқоңыр көшесі № 12, 14, 16 үйлер

94 теңге 62 тиын


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады