Мемелекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдеде № 303 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 тамызда № 5584 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 474 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 28.04.2017 № 474 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданы әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы Ә. Қошалақов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қармақшы аудандық тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылық,
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімінің басшысы
      ________________ Т.Қатарбаев
      "29" шілде 2016 жыл

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "29" шілде № 303
қаулысына қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері

Мекен-жай

Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлері бір шаршы метріне айына (теңге)

1

Жосалы кенті, Хамза Жомартов көшесі №7 үй 8 пәтер

30,45

2

Жосалы кенті, Наурыз көшесі №19, №21, №23, №25, №27, №29, №31, №33, №35, №37 және Мұхтар Әуезов көшесі №39, №39 А үйлер

46,3

3

Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі №18 үй, 3 пәтер

16,6

4

Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі №18 үй, 4 пәтер

16,6

5

Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі №37 үй, 6 пәтер

31,3

6

Жосалы кенті, Тұңғышбай Сегізов көшесі №19 үй, 6 пәтер

51,3

7

Жосалы кенті, Ерназар Сексенбаев көшесі №21 үй, 7 пәтер

42,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады