2016 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 505 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 сәуірде № 3016 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2016 жылға Ақтау қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) елу жастан асқан тұлғалар;
      2) он екі және одан да көп айдан астам жұмысы болмаған адамдар;
      3) есірткіге тәуелді және АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусын) жұқтырған тұлғалар.
      2. "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Н. Хайрлиева):
      халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкiмi С. Трұмов

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Ақтау қалалық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г.Н. Хайрлиева
      "18" наурыз 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады