Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 146 "Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 312 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 желтоқсанда № 3207 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 13.12.2017 № 262 қаулысымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 146 "Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2276 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдеде "Қарақия" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 181 "Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 146 "Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3081 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Таубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Бековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Атагараев Дуйсенбай Айткалиевич

      "21".11.2016 жыл.

  Қарақия ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 312 қаулысына қосымша

Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Ауыл және ауылдық округтердің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Құрық ауылы

1) темір жол вокзалы аумағында ақпараттық стенд
2) аудандық емхана аумағында ақпараттық стенд

Мұнайшы ауылы

1) мәдениет үйінің аумағында ақпараттық стенд
2) № 5 орта мектеп аумағында ақпараттық стенд

Жетібай ауылы

1) мәдениет үйінің аумағында ақпараттық стенд
2) № 3 орта мектеп аумағында ақпараттық стенд

Сенек ауылы

мәдениет үйінің аумағында ақпараттық стенд
 

Бостан ауылдық округі

мәдениет үйінің аумағында ақпараттық стенд
 

Құланды ауылдық округі

Құланды орта мектебі аумағында ақпараттық стенд

Болашақ ауылдық округі

Темір жол вокзалы аумағында акпараттық стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады