Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі №280-қ "Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 228-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қарашада № 3188 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 7-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі №280-қ "Мұнайлы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2510 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 қазандағы №60-61 (438-439) "Мұнайлы" газетінде және 2014 жылғы 15 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Оспан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Оспанға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н.Тәжібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады