Әкімдіктің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 275 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 наурызда № 6238 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 507 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 16.05.2016 № 507 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1944 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5183 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгepic енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      16-тармақта 11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "11) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдістер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдістер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілігі санаттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсету;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный
      қаласының әкімі Б. Гаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады