Әкімдіктің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2043 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 276 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 наурызда № 6248 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы №511 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 16.05.2016 № 511 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2043 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      17-тармақта 2), 4), 8), 9) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын тиiстi мәслихатқа бекiтуге ұсыну;
      4) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;";
      8) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
      9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады