Әкімдіктің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 321 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 наурызда № 6252 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 509 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 16.05.2016 № 509 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағыҚазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 2125 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5259 болып тіркелген, 2015жылғы 6 қаңтардағы "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      22-тармақта 5)тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика мәселелері жөніндегі Рудный қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады