Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 9 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 6303 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 288 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 02.04.2019 № 288 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 ақпаннан туындаған қатынасқа қолданылады.


Кезектен тыс сессияның төрағасы,


аудандық мәслихаттың хатшысы

Д. Қойшыбаев


      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ Печникова Т. И.

      2016 жылғы 1 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады