Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 2 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қазанда № 6665 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы міндетін атқарушының 2016 жылғы 02 қыркүйектегі № 01-20/225 ұсынысы негізінде құтыру ауруының ошағын жою бойынша ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 1 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6618 болып тіркелген) салынған, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Айнабұлақ шағын ауданы, 249-үй мекенжайы бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 07 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Жітіқара ауданы
      Жітіқара қаласының әкімі К. Акжигитов

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ Т. Рамазанов
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Жітіқара
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________ Т. Нургазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады