Жер салығының базалық және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 20 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда № 6367 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 ақпандағы № 152 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 15.02.2018 № 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 - бабы 5 - тармағына, 444 - бабы 1 - тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет және экономика, әлеуметтік саланы дамыту, жастар, отбасы-демографиялық саясат және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Әлиев
      Қамысты аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Қыстаубаева

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қамысты ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________________________ С. Жалаушыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады