1. Баянауыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы жетпіс айлық есептік көрсеткіш сомасына тең көтерме жәрдемақы берілсін.
2. Баянауыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен жоғары емес сомада бюджеттік кредит берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Қасен |