Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің 2016 жылғы 04 ақпандағы № 1-21/10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 02 наурызда № 4943 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және 2015 жылғы 02 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Баянауыл ауданы Майқайың кентіндегі "Степная" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесіне, "Фабричная" көшесі "Мәншүк Мәметова" көшесіне, "25 жыл Октября" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесіне, "Автомобилистов" көшесі "Бақыт Хайдаров" көшесіне, "Пионерская" көшесі "Василий Христенко" көшесіне, "Орджоникидзе" көшесі "Әубәкір Қабылбеков" көшесіне болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау кент әкімінің орынбасары М.К. Жүсіповке жүктелсін.
      3. Осы шешімнің алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кент әкімі О. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады