Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы № 2/59 "Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 2/5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 тамызда № 5200 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 ақпандағы № 1/44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 12.02.2019 № 1/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы № 2/59 "Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5019 тіркелген, 2016 жылғы 02 сәуірінде аудандық "Шамшырақ" газетінің № 15 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақта "7 (жеті) есе" деген сан мен сөздер "10 (он) есе" деген сан және сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Ботабай
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады