Май ауданы Кеңтүбек ауылының көшелерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Кеңтүбек селолық округі әкімінің 2016 жылғы 03 ақпандағы № 01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 02 наурызда № 4949 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабы 4) тармақшасына сәйкес, Кеңтүбек ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Кеңтүбек ауылының әкімі ШЕШТІ:
      1. Май ауданы Кеңтүбек ауылында:
      "Ленин" көшесі "Махмет Қайырбаев" көшесіне;
      "Целинная" көшесі "Әлия Молдағулова" көшесіне;
      "Комсомольская" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Селолық округ әкімі А. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады