Май ауданы Көктүбек селолық округінің "Ақжар Өндіріс" Агрофирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек селолық округі әкімінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 шілдеде № 5172 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек селолық округі әкімінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 3 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Көктүбек селолық округі әкімінің 29.11.2016 № 3 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Май аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде, Көктүбек селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Май ауданы Көктүбек селолық округінде орналасқан "Ақжар Өндіріс" Агрофирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында жылқылардың ринопневмания ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізумен бірге ветеринарлық режим тағайындалсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Май ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Көктүбек селолық
      округінің әкімі Ә. Дүсіпов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылық
      министрлігі ветериналық
      бақылау және қадағалау
      Комитетінің Май
      аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Н. Жұмабаев
      2016 жылғы "1" шілде
      "Май ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы Е. Ахметов
      2016 жылғы "1" шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады