2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 879 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 шілдеде № 3559 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1)- тармақшасына сәйкес, Атырау қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласында 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г. Шәкіроваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Ожаев

  Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы "23" маусымдағы № 879 қаулысына қосымша
  Атырау қалалық әкімдігінің 2016 жылғы "23" маусымдағы № 879 қаулысымен бекітілген

2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы


Елді мекен атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы (адам)
 
Атырау қаласы

10000

      

Жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері


Елді мекен атауы
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге)
 
Атырау қаласы

28104,3

      

2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Елді мекен атауы
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының 1 айдағы мөлшері, (теңге)
 
Атырау қаласы

8000

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады