Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 29 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 3618 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде Жем ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Жем ауылдық округіндегі:
      1) №1 көшеге – "Жаңабай батыр" есімі;
      2) №2 көшеге - "Айранкөл" атауы;
      3) №3 көшеге - "Құмтоғай" атауы;
      4) №4 көшеге – "Халел Досмұхамедов" есімі;
      5) №5 көшеге - "Желтоқсан" атауы;
      6) №6 көшеге - "Жеңіс" атауы;
      7) №7 көшеге – "Хиуаз Доспанова" есімі;
      8) №8 көшеге - "Азаттық" атауы;
      9) №9 көшеге – "Мақаш би" есімі;
      10) №10 көшеге – "Әбілхайыр хан" есімі;
      11) №11 көшеге –"Мырзабай Сарбалин" есімі;
      12) №12 көшеге - "Қияқ" атауы;
      13) №13 көшеге - "Бейбітшілік" атауы;
      14) №14 көшеге – "Махамбет Өтемісұлы" есімі;
      15) №15 көшеге – "Бауыржан Момышұлы" есімі;
      16) №16 көшеге - "Қанжыға" атауы;
      17) №17 көшеге - "Жастар" атауы;
      18) №18 көшеге - "Бәйтерек" атауы;
      19) №19 көшеге - "Бимырза" атауы;
      20) №20 көшеге – "Дінмұхамед Қонаев" есімі;
      21) №21 көшеге – "Ғабдол Сланов" есімі;
      22) №22 көшеге - "Қызылқала" атауы;
      23) №23 көшеге – "Бұхар жырау" есімі;
      24) №24 көшеге - "Атырау" атауы;
      25) №25 көшеге - "Мәші" атауы;
      26) №26 көшеге - "Қайнар" атауы;
      27) №27 көшеге - "Дәулеталы" атауы;
      28) №28 көшеге - "Қызылжар" атауы;
      29) №29 көшеге – "Айтқұл Жолдыбаев" есімі;
      30) №30 көшеге - "Қойсары" атауы;
      31) №31 көшеге - "Қараша" атауы берілсін.
      Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жем ауылдық округ әкімі Б. Қариев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады