Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 24 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 3758 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысына сәйкес Нарын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Исатай ауданы, Нарын ауылдық округі, Нарын ауылындағы:
      1) № 1 көшеге "Ынтымақ" атауы;
      2) № 2 көшеге "Достық" атауы;
      3) № 3 көшеге "Шұғыла" атауы;
      4) № 4 көшеге "Болатжол" атауы;
      5) № 5 көшеге "Мектеп" атауы;
      6) № 6 көшеге "Ардагер" атауы;
      7) № 7 көшеге "Жаңа құрылыс" атауы;
      8) № 8 көшеге "Сазанқұрақ" атауы берілсін.
      Исатай ауданы, Нарын ауылдық округі, Жаңа Жанбай елді мекеніндегі:
      1) № 1 көшеге "Мерей" атауы;
      2) № 2 көшеге "Ұстаздар" атауы;
      3) № 3 көшеге "Арай" атауы;
      4) № 4 көшеге "Мұнайшы" атауы;
      5) № 5 көшеге "Парасат" атауы берілсін.
      Исатай ауданы, Нарын ауылдық округі, Мыңтөбе елді мекеніндегі:
      1) № 1 көшеге "Қызылжар" атауы;
      2) № 2 көшеге "Мыңтөбе" атауы;
      3) № 3 көшеге "Үштаған" атауы берілсін.
      Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Нарын ауылдық округінің әкімі Р. Такенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады