Мұқыр ауылдық округіне қарасты "Бекасыл" шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 01 маусымдағы № 27 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 07 маусымда № 3535 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 46 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылдық округі әкімінің 26.09.2016 № 46 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 75 ұсынысына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұқыр ауылдық округіне қарасты "Бекасыл" шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мұқыр ауылдық округінің әкімі Т. Әбдуалиев

      (ҚАОА _________ ) (ҚАТҚҚБ _________ )
      "КЕЛІСІЛДІ"
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Қызылқоға аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері
"27" мамыр 2016 жыл
С. Тайшыбай
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Қызылқоға аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
"27" мамыр 2016 жыл
А. Аймұратова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады