Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 32 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 қазанда № 3636 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 41 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 15.12.2016 № 41 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 26-қыркүйектегі № 184 ұсынысы негізінде Ойыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жасқайрат ауылынның және "Жасқайрат асыл тұқымды қой зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында пастереллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі: Е. Иғали

      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау облысы Денсаулық
сақтау басқармасының
"Қызылқоға аудандық
орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорны
бас дәрігерінің
міндетін атқарушы
Ж. Ақжамалова

      "3" қазан 2016 жыл
      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Атырау
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау
департаментінің Қызылқоға
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А. Аймұратова

      "3" қазан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады