Индер ауданы Көктоғай ауылындағы кейбір көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 28 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда № 3721 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 2 тамыздағы қорытындысына сәйкес Көктоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Индер ауданы Көктоғай ауылындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі М. Кусайнов

  Көктоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы "12"желтоқсан № 28 шешіміне қосымша

Индер ауданы Көктоғай ауылындағы кейбір көшелерге берілген атаулар

      1. № 1 көшеге – "Зәнеш Бисенов" есімі;
      2. № 2 көшеге – "Ишахат Құспанов" есімі;
      3. № 3 көшеге – "Бағыт Айманақұмов" есімі;
      4. № 4 көшеге – "Өтешқали Атамбаев" есімі;
      5. № 5 көшеге – "Оңғаден Айтбаев" есімі;
      6. № 6 көшеге – "Ынтымақ" атауы;
      7. № 7 көшеге – "Мүнира Тұрғалиева" есімі;
      8. № 8 көшеге – "Қадим Сапуанов" есімі;
      9. № 9 көшеге – "Шәши Еділбаев" есімі;
      10. № 10 көшеге – "Хайрош Тастайбеков" есімі;
      11. № 11 көшеге – "Бауыржан Момышұлы" есімі;
      12. № 12 көшеге – "Қазақстан" атауы;
      13. № 13 көшеге – "Тәуелсіздік" атауы;
      14. № 14 көшеге – "Бейбітшілік" атауы;
      15. № 15 көшеге – "Ақжайық" атауы;
      16. № 16 көшеге – "Әлия Молдағұлова" есімі;
      17. № 17 көшеге – "Мұқанәлі Дүйсенбиев" есімі;
      18. № 18 көшеге – "Боран Нысанбаев" есімі;
      19. № 19 көшеге – "Әбдірахман Кәрентаев" есімі;
      20. № 20 көшеге – "Сәкен Сейфуллин" есімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады