Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 17 тамыздағы № 1783 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 2 қыркүйекте № 3843 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 26 шілдедегі № 687 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 26.07.2017 № 687 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1-тармағының 14-3) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Қуанышбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады