Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 325 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қарашада № 4741 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13-бабының 1-1-тармағы бірінші бөлімінің 6-8) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"18" қазандағы
№ 325 қаулысымен бекітілген

Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы (бұдан әрі – сыныптау) елді мекендердің көшелерін (бұдан әрі – көшелер) және олардың құрылыстарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді.
      2. Сыныптау жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады.
      3. Осы сыныптауда мынадай анықтамалар қолданылады:
      1) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;
      2) көшелер мен олардың құрылыстарын пайдалануды басқару - бұл үнемді негізделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзірлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргізудің негізінде көшелер мен олардың құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтін жұмыстар кешені;
      3) көшелердің жай-күйіне мониторинг жүргізу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде мүмкін болатын антропогендік өзгерістердің жай-күйін қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі;
      4) көшелерді маршрутты жөндеу тәсілі – бұл, көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою және жергілікті учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу жұмыстары кешені;
      5) жол жамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы;
      6) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл көше құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін көшені пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең;
      7) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен тұтқырлық сапаларын көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша қажетті маңыздылығына дейін орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін көшені пайдалануға тапсырған уақыт кезеңі;
      8) көше-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде көшелер мен ондағы құрылыстар желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдер және басқаратын ықпал етулер кешені;
      9) көшелерді қысқы күтіп ұстау - көшелерді және ондағы құрылыстарды қар басып қалудан қорғауға, оларды уақтылы тазартуға және жол жамылғысының қысқы тайғақтығымен күресуге байланысты айрықша жұмыстар кешені.
      4. Көшелердің құрамына мыналар кіреді: бөлінген белдеулер, көшелердің құрылымдық элементтері, көшелерді жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, су доғалары, үңгі жолдар, қорғау галереялары, көше қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, гүлзарлар, гүл бақтары, гүл бақшалары, қолдан отырғызылған ағаштар, желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері.
      5. Көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары көшелер мен ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген өткізілетін жөндеу іс-шараларының түрлеріне және көше-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді.
      6. Көшелерді күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлері көше саласында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес орындалады.
      7. Көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқаруға мынадай жұмыстар кіреді:
      1) көше-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау;
      2) көшелер мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау;
      3) технологияны жетілдіру және көшелер мен ондағы құрылыстарды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
      4) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау.
      8. Көшелер мен ондағы құрылыстарды диагностикалау мен мониторинг жүргізу жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:
      1) көшелер мен көше құрылыстарын оларды күтіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) тексеру;
      2) көшелер мен ондағы құрылыстарының техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, көшелер мен ондағы құрылыстарын паспорттандыру;
      3) көшелердің көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;
      4) көшелер мен ондағы құрылыстарының техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес мәліметтер банкісін құру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау.
      9. Көше-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:
      1) көше және ондағы құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпарат банкін құру, әкімшілік ету және басқару;
      2) көше және ондағы құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің ақпараттық банктің талдауының негізінде күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды негіздеу;
      3) көше желісінің жай-күйін болжамдау арқылы жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын жасау. Көше-жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде көшелердің желісін күтіп ұстау жоспарларын құру;
      4) көше желісін қажетті пайдалану жай-күйінде сақтау және күтіп ұстау үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау.
      10. Көшелер мен ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:
      1) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының көшемен жүруін келісу;
      2) үлкен салмақты көліктердің жол жамылғысы мен ондағы құрылыстарының сақталуына ықпал етуіне талдау жасау және қолайсыз ауа-райы жағдайларында, сондай-ақ жол жамылғысы жеткіліксіз мықтыланған әлсіз учаскелерде үлкен салмақты көліктердің қозғалысын шектеуді немесе ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсыныстарын әзірлеу.
      11. Көшелер мен ондағы құрылыстарының пайдаланылуын басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау жұмыстарының құрамына мыналар кіреді:
      1) көшелер мен ондағы құрылыстарының желісін күтіп ұстау бойынша көше-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу;
      2) көшелер мен ондағы құрылыстарын кезеңді түгендеу, есептілікті жасау;
      3) көшелерді күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және көше-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету;
      4) көшелер мен ондағы құрылыстарды пайдалануды басқарудың құрылымы мен әдістерін үнемі жетілдіру.

2. Елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау

      12. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары жыл бойы үздіксіз жүзеге асырылады.
      Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізу мақсатында оларды көзбен көріп тексеру патрульдеу арқылы жүзеге асырылады.
      Күтіп ұстауға арналған қаражаттар шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша көшелерді тексеру нәтижелері негізінде жоспарланатын, көше және ондағы құрылыстар зақымдарының алдын алу және түзету бойынша жұмыстарды орындау көзделеді.
      13. Көшелерді күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет.
      14. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды күтіп ұстауға арналған қаржыландыру шегінде ақаулар тізбесі бойынша көшелерді тексеру нәтижесі негізінде жоспарлайды.
      15. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, көшелерді көгалдандыру және өзге жұмыстарға бөлінеді.
      16. Көшелерді күтіп ұстау жұмыстарының құрамына жыл бойы күн сайын ақпарат жинау, өңдеу және ұсыну кіреді, соның ішінде:
      1) еріген және тасқын суларды өткізу кезіндегі жұмыстар туралы;
      2) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы;
      3) ақпараттарды жинау және өңдеу, көше және ондағы құрылыстардың көлік пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттық банкіне әкімшілік ету және басқару.
      17. Көшелер мен ондағы құрылыстарды көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл бойы мынадай жұмыстарды орындайды:
      1) көшелер мен ондағы құрылыстардың жай-күйін қадағалау;
      2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:
      су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыс пен балшықтан тазалау;
      жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және толтыру;
      шөп шабу және шабылған шөптерді жинау;
      материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін тегістеу;
      жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жиектер және бермдерге материал себу, кесу және тегістеу;
      иірім учаскелерді жою;
      жиектерге материал себу және бекіту;
      жеке элементтерін ауыстырып және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;
      көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермдерді кесу және тегістеу;
      3) бөлінген белдеулер бойынша:
      су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жолағын тегістеу;
      бөлу жолағындағы қоқысты жинау, шығару және пайдаға асыруға беру;
      4) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
      жүру бөлігін тазалау және жуу;
      ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану;
      жарықшақтарды құю;
      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу;
      жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою;
      төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, тозу қабатын кейіннен кедір-бұдыр негізді өндеу арқылы ойыстарды бітеу;
      жүру бөлігін белгілеу; 
      цемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;
      апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу).
      Көшелерге бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде көшелерді күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
      Жұмыстар ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтарды жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы және атқару сметалары бойынша көшелерді күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдастыру күштерімен орындалады;
      5) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
      тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау;
      жарықшақтарды құю;
      ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кіруінен асфальтты-бетонды жабынды тиімді оқшалау, атмосфералық ықпалдың әсерінен бұзылған битумды қалпына келтіру, жамылғының суға төзімділігін сақтау және қалпына келтіру үшін жаңартатын сұйықтықты пайдалану;
      шұңқырларды жою, жарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, көше учаскесінің жиектерін тегістеу;
      жүру бөлігін белгілеу;
      апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, көше жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу).
      Көшелерге бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде көшелерді күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
      Жұмыстар ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтарды жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы және атқару сметалары бойынша көшелерді күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдастыру күштерімен орындалады;
      6) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша:
      төсемді балшықтан тазалау;
      төсемді сумен шаңсыздандыру;
      материалдар қосу арқылы төсемді кескіндеу және нығыздау;
      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру;
      7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша:
      материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу;
      ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары;
      көшелерді хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру;
      көшелердің кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа шұңқырларын орналастыру және толтыру, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету;
      8) елді мекендер көшелерінің жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша:
      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;
      жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, сынғандарын түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, көшені жайғастыру элементтерін қалпына келтіру;
      сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;
      автопавильондар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және көшелердің басқа жайғастыру элементтерін сырлау және ақтау, тік және көлденең белгілерді түсіру;
      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;
      автобус аялдамаларын, демалыс алаңдарын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;
      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
      жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау;
      9) жасанды құрылыстар бойынша:
      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;
      жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларын орнату және бұзылуларын түзету;
      көпірлердің металлды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру;
      жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою;
      көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою;
      көшелердің үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою;
      жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау;
      қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау;
      су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
      деформациялық жіктердің астындағы су қайтаратын науаларды үйінділерден тазалау;
      ашық типті деформациялық жіктердегі табақтардың орын ауыстыруына арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
      ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау;
      жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;
      суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту;
      көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
      сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау;
      арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау;
      арқалықтардың тірек тораптарын жуу;
      тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау;
      тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графит жағу;
      темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту;
      тіректердің бастарын және фермендік алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау;
      конустар мен еңіс бекіткіштерін кірден, шөптен және бұталардан тазалау;
      тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу;
      тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру;
      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
      көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру;
      қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегі, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
      темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;
      шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
      тасқын суларды жіберу, көшелер мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басу, кептелуден қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;
      құрылыстардың жеке элементтерін (тірек бөліктері, сүйеніштер, тосқауыл қоршаулары, төсеніштер, діңгектер, тіреуіштер, дуал қабырғалары, құрғату құрылғылары және тағы басқа) орнату, ауыстыру және жөндеу;
      көпірлердің темір элементтерін жергілікті сырлау;
      көпірлердің, көше өткізгіштердің жүру бөлігіндегі төсемді шұңқырлы жөндеу, төсемдегі жарықшақтарды бітеу;
      деформациялық жіктерді ұсақ жөндеу;
      деформациялық жіктерді ескі шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;
      деформациялық жіктердің аймағындағы немесе жіктердің алдындағы төсемді алмастыру;
      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
      аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдеріндегі жарықшақтар мен еңістерді бітеу;
      үйінділердің және реттеу құрылыстарының шайылған жергілікті жерлерін жою;
      үйіндісі бар көпірлердің жанасқан жерлеріндегі шайылуларды толтыру, осы жерлердегі суды бір уақытта жою;
      тіректердегі шайылу шұңқырларын бітеу;
      10) қосымша қысқы күтіп ұстау жұмыстарына жататындары:
      көк тайғаққа қарсы материалдарды әзірлеу;
      көк тайғаққа қарсы материалдарды дайындау;
      қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кішкене қоршаулар, шарбақтар және сол сияқтылар) әзірлеу;
      қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерін және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;
      көшелерді патрулдік қардан тазалау, көшелерді қарлы борасындардан аршу, көшелердің жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңістерден және резервтерден қарлы дуалдарды жою;
      көше белгілері мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;
      жүру бөлігін фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейіннен жүру бөлігінен қажетті уақыттан кейін тазалау;
      автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және көше қызметі объектілерін қар мен мұздан жүйелі түрде тазалау;
      қар тоқтату үшін көшелердің бойынан қар борасындары мен орларын құру;
      мұз басумен күрес;
      жол-жөндеу қызметі ғимараттарын, жол техникасының тұрақтары мен жылыту пунктерін жылумен қамтамасыз ету;
      тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететін жол белгілерін орнату;
      ауыр ауа-райы жағдайларында жол-жөндеу қызметі және жол техникасы жұмысшыларының қатарынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру.
      18. Көшелерді көгалдандыру сәулеттік-көркемдік безендіру үшін орындалады. Көгалдандыру көлік айрықтарындағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын күтуді, оларды жасау, қалпына келтіру және сәнді безендіруді құрайды.
      19. Сәнді безендіруді құру, қалпына келтіруге мынадай жұмыстар жатады:
      сәнді безендіруге жер қыртысын дайындау;
      көшеттерді сәнді безендіру және өсіру;
      құдықтарды, ұңғымаларды, суаратын су құбырларын және құрғату орларын салу.
      20. Айрықтардағы гүлзарларды, гүл бақшаларын, көгал алаңдарын және сәнді өсімдіктерді күтуге мынадай жұмыстар жатады:
      жер қыртысын дайындау;
      көшеттерді өсіру;
      отырғызу, суару және отау;
      арам шөптерді жинау;
      күзде біржылдық өсімдіктерді жинау.

3. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу

      21. Көшелерді ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, көшелердің авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ көшені шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешенін қарастырады.
      Ол қаржыландыру нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша көшелерді тексеру нәтижелері негізінде жоспарланады. Жұмыстарды бағдарлы тәсілмен орындау кезінде жұмыстарды сметалық есептер негізінде орындауға жол беріледі. Мүмкін болатын үдеудің және олардың аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберінде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берілмейді.
      22. Көшелер мен ондағы құрылыстарды ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемі және су қайтарғыш бойынша:
      дымқыл және қар борайтын жерлердің жер төсемінің ұзақтығы бойынша кішігірім учаскелерін көтеру және кеңейту, иірім учаскелерді жою;
      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыстарды тиеу және қоқыс тастайтын жерге шығару, жаңа жыраларды қазу, үйінділер мен қуыстар жиектерінің бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
      2) жол жамылғылары бойынша, соның ішінде монолитті цемент-бетон төсемдері бойынша:
      сегменттердің тозған бетін қалпына келтіру, цемент-бетон төсемдері тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерін беттік бұзылулардан қорғау, соның ішінде жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша;
      темір-бетон төсемдеріндегі жіктерді жөндеу және толтыру;
      жеке тақталарды көтеру және тегістеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтіруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдерді беттік бұзылулардан қорғау;
      3) жасанды құрылыстар бойынша:
      аяқ жолдардың ақаулық жіктерін алмастыру;
      үйінділері бар жанасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;
      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);
      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;
      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;
      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;
      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);
      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;
      гидрооқшаулауды жөндеу;
      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;
      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
      тойтармаларды аса төзімді бұрандамаларға алмастыру;
      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;
      құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қалаңдыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;
      орлар арқылы көлік және жаяу жүргінші өтетін көпiрлердi ауыстыру және түзету;
      аспалы көпiрлердiң, паромдық өтпелердiң және айлақ құрылғыларының кішігірім бұзылуларын түзету (тығындау, қаптаманы жөндеу, такелажды және соған ұқсастарды түзету);
      ашылатын жерлерге өтетiн тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;
      деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;
      сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;
      деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;
      олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеп, құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу;
      жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;
      4) қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне жолдарды салу және жайластыру бойынша:
      көше учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын, сондай-ақ көше үстіндегі жол өтпелерін жөндеу және жаңаларын салу;
      шығу және кіру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
      сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу.
      23. Қауіпті ақаулықтарды және елеулі өзгерістерді және жергілікті учаскелердегі жол төсемінің бұзылуларын жою кезінде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында жергілікті учаскелерде төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлердi қайлау жасалады.

4. Көшелер мен ондағы құрылыстарды орташа жөндеу

      24. Орташа жөндеу көшелер мен ондағы құрылыстарының алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды кезеңді орындауды көздейді.
      25. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғысының тозған қабатын және тегістілігін кезеңді қалпына келтіру, сондай-ақ жер төсемінің, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекіту, реттеу және басқа көше құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргізіледі.
      Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдері ақаулықтар тізбесінің негізінде жасалған сметалық есептермен анықталады.
      26. Көшелер мен ондағы құрылыстарын орташа жөндеу кезінде мына жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемі және су бұрғыш бойынша:
      иірім учаскелерді жою;
      қолданыстағы су бұрғыш жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, құрғату, қорғау және бекіту құрылғыларын, су бұрғыш құрылғыларды және көпірлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
      жиектерге материал себу, шабу, тегістеу және бекіту;
      2) жол жамылғылары бойынша:
      жетілдірілген қоспаларды қолданып, үстіңгі қабатты өндеу;
      жетілдірілген төсемнің тозған жоғарғы қабатын қалпына келтіру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажетті жағдайда қабатты тегістейтін және үстіңгі қабатқа немесе жөнделетін учаскенің барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргізу арқылы жеке және иірімді учаскелерде жол жамылғысын салу;
      асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;
      жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;
      жаңа материалдарды және жұмыс өндірісінің технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;
      монолитті цемент-бетонды төсем бойынша:
      цемент-бетон төсемдерінің қалпына келтіруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдеріндегі бойлық және көлденең жыртылған жерлерді ою;
      жиналмалы темір-бетон төсемдері бойынша:
      тозған тақталарды алмастыру, темір-бетон төсемдерінің жеке тақталарын көтеру немесе тегістеу;
      қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темір-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдері сегменттерінің жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;
      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтіру;
      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдармен жақсарту;
      жөнделетін учаскелердің жүру бөлігін белгілеу;
      3) жасанды құрылыстар бойынша:
      ақаулық жіктердің астындағы су бұрғыш науаларды қалпына келтіру;
      су бұрғыш түтіктерді жөндеу (түтіктерді өсіру немесе қосымша түтіктерді салу);
      жаяу жүргіншілер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлеріндегі төсемнің жіктерін салу және оларды шайырмен құю;
      су бұрғыш түтіктердегі оқшаулануды жөндеу;
      10 сантиметрден асатын отыру кезінде үйінділері бар көпірмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнің есебінен тегістеу);
      үйінділері бар жаңасқан шеткі аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
      жол жамылғысын қалпына келтіру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;
      тақталарды ашу арқылы оларды шайып кету кезінде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;
      болаттан жасалған элементтері бар ақаулық жіктердің бөлшектерін жекелеп алмастыру;
      жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типті ақаулық жіктерді алмастыру;
      аяқ жолдардағы ақаулық жіктерді алмастыру;
      аяқ жолдардың төсемдерін тегістеу, жаңа төсем салу;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұнқырларын бітеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемімен өндеу;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;
      аяқ жолдарды қалпына келтіру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;
      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерін жою;
      оқшау жерлерді салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
      жеке секцияларды жөндеу, сүйеніштердің жеке тіректерінің анкерлерін күшейту;
      барлық ұзындығында немесе көпір құрылысы ұзындығының бөлігінде сүйеніштерді алмастыру;
      барлық ұзындығында сүйеніштерді сырлау;
      жаңа анкерлері бар сүйеніштердің тіректеріндегі бекіткіштердің тораптарын алмастыру;
      бетон құрылымының барлық үстіңгі бетін (тақталар, аралықтардың қабырғалары, аркалар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;
      диафрагманың жапсарларын жөндеу;
      көпірлер мен жол өткізгіштерді жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ олардың габариттері мен есептік салмақтарын жөнделетін көше нормаларына жеткізу арқылы су өткізгіш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;
      көпірлерде жеңіл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерін, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерін ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);
      алдын ала көп күш түсетін темір-бетон және темір аралық құрылыстардың құрылыс көтермесін бақылау;
      көпірдің жүру бөлігіндегі төсемді қалпына келтіру немесе алмастыру;
      жаяу жүргіншілер жолдары блоктарындағы саңылауларды бітеу, төсем салу;
      қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;
      материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жіктерді жөндеу;
      гидрооқшаулауды жөндеу;
      жаяу жүргіншілер жолдарын, сүйеніштерді, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
      көпірдің жүру бөлігіндегі судың бұрылуын жақсарту, су бұрғыш түтіктер мен терезелерді алмастыру;
      темір-бетон құрылымдарының алдыңғы бетін гидрооқшаулау, басты арқалықтардың бетін сырлау;
      жарықшақтарды беттік герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бітеу, көпірдің темір-бетон элементтерінің қорғау қабатын қалпына келтіру;
      темір аралық құрылыстарды тегіс сырлау;
      арқалықтардың бір-бірімен байланысуын қалпына келтіру;
      құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды алмастыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу;
      жер төсемі және реттеу құрылыстары жиектерінің бекіткіштерін жөндеу;
      тіректер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
      темір аралық құрылыстардың жеке элементтерін күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпірлерде торлардың элементтерін түзету;
      аса төзімді бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;
      тірек бөліктерінің жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтіру;
      тіреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтіру;
      қаптау жіктерін сөгу, жарықшақтарға ерітінділерді егу;
      аралық құрылыстар мен тіректердің көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру;
      тіректерді жөндеу;
      темір-бетон аралық құрылыстардың тіреп тұрған жерлеріндегі тірек бөліктерін күшейту;
      құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;
      сүйеу қабырғаларын, бекіту және реттеу құрылыстарын, галереялар мен бастырмаларды жөндеу, сондай-ақ олардың жеке элементтерін алмастыру;
      4) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілеріне жолдарды салу мен жайластыру бойынша:
      елді мекендер арқылы өтетін көше учаскелеріндегі қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу және жаңасын салу;
      жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетін учаскелерде жаңа жол белгілерін және сілтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, көрнекті орындарды сәулеттік безендіру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;
      сигнализацияны, көше қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгілері, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектілерін жөндеу және салу;
      көше ақпараттық жүйелерін және кешендерін, жеке жобалау белгілері мен таблоларын, көше қозғалысын диспетчерлік және автоматтық басқару элементтері мен жүйелерін, ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгілері мен таблоларын, бағдаршам объектілерін қалпына келтіру;
      көшелердің (автопавильондар, тіреу қабырғалары, ақпараттық панно және басқа құрылыстар) салу элементтерін жөндеу;
      5) көшенің пайдалану жай-күйін және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін жұмыстардың басқа түрлері.

5. Көшелер мен ондағы құрылыстарды күрделі жөндеу

      27. Көшелерді күрделі жөндеу ондағы құрылыстардың көліктік-пайдалану жай-күйін арттыруға, жол жамылғысы мен көше құрылыстарының мықтылығын ұлғайтуға байланысты кезеңдік жұмыстарды орындауды көздейді.
      28. Күрделі жөндеуге жататын көше учаскелері қызметтің жөндеу аралық мерзімінің негізінде және көше диагностикасының нәтижесінде белгіленеді.
      29. Күрделі жөндеу кезінде көшенің, қалай жоспарда болса, солай, сондай-ақ қапталды бойында, жөнделіп жатқан көше учаскесінің жалпы ұзындығының ұзақтығы 25%-ға дейінгі бөлігіне жекелеген түзету жасауға рұқсат беріледі.
      30. Көпірлер мен көше өтпелерін қызметтің жөндеу аралық мерзімі және олардың диагностикалау нәтижелері негізінде күрделі жөндеуге жіберуге болады.
      Күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемі және субұрғыш бойынша:
      жер төсемін жөнделетін көшеге (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру) арналған нормаларға дейінгі оның геометриялық параметрлеріне жеткізіп түзету, жекелеген көше учаскелерін туралау;
      жер төсемінің нығаюын қамтамасыз ететін иірім учаскелерді жою, дренаждар, оңашаланған қабатшалар орнату және басқа жұмыстар;
      қолданыстағыны қалпына келтіру және қайта құру, сондай-ақ жаңа қажетті субұрғыш құрылыстар салу;
      көшелердің кесіп өту мен жанасуларында жер төсемдері мен субұрғыш жүйесін құру, сондай-ақ оларға өту-жылдамдық жолағын орнатып, көшенің өтетін бөлігінен тысқары жерде автомобильдерге аялдама, тұрақтар үшін алаңдар, демалу алаңын, аялдамалық павильондар мен аялдамалық қалташықтар орнату жұмыстарын орындау;
      көшені күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аймағында орналасқан жол бойындағы қорларды, көшелердің жойылатын учаскелерін қалпына келтіру;
      2) жол жамылғысы бойынша:
      жол жамылғысын бір жолақты қозғалыстан арттырмай нығайту (қалыңдату), кеңейту және қолданыстағы жол жамылғыларын негіз ретінде қалпына келтіру және қолдану арқылы ең жетілдірілген жол жамылғысы түрлерін салу, сондай-ақ қайта құрылып (түзетіліп) жатқан көше учаскелеріне және елді мекендерді айналып өтетін жолдарға және оларға кіреберістерге жаңадан жол жамылғысын төсеу, көлік айырықтарында, инженерлік құрылғыларда, тротуарларда, өту және велосипед жолдарында, автобус аялдамаларында және аялдау қалташаларында, демалу алаңдарында және автокөлік тұрақтарында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолақтарында жол жамылғысын салу;
      3) цемент-бетон жамылғысы бойынша:
      ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын салу;
      ескі цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтап және осындай түрде алынған негіз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздап, ескі цемент-бетон жамылғысының үстіне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын салу;
      нығайту қабатын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендірілген цемент-бетоннан жасау;
      шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ көшені жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлігін жақсарту;
      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлерді, жетілдірілген жамылғысымен жиектерге бекітілетін жолақтарды, соның ішінде негізгі жол жамылғысының түрі бойынша ауыстыру және жаңасын орнату;
      жол жамылғыларының, жаңа материалдар мен жұмыс өндірісі технологияларының жаңа құрылымын қолдану арқылы сыналған учаскелерді салу және оларға мониторинг жүргізу;
      4) жасанды құрылыс бойынша:
      көпірлерді кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе жартылай, соның ішінде олардың габариттерін және көтеру қабілеттігін есептік жүктемеге дейін жеткізіп, жаяу жүретін көпірлер, жол өткізгіштер салу, қайта салу (жаңа аралықты қоспастан габариттерін кеңейту, габаритін кеңейту және ригелді ұлғайту мен нығайту жаңа аралығын қосу, жаңа аралық қосу, бір жағынан немесе екі жағынан тіреуішті арттыру жаңа аралығын қосу арқылы көпірді жөндеу);
      металл көпірінің басты аралығы мен фермі элементтерін дұрыстау және нығайту;
      металл аралық құрылымын ауыстыру;
      көпірдің өтетін бөлігін ауыстыру;
      су өткізу құбырын салу және қайта салу;
      құбырлардың буыны мен ауызғы бетін ауыстыру және нығайту;
      зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;
      жаңа сақина мен ауызғы беті есебінен құбырдың ұзындығын өсіру;
      дәнекерленген көпірлерді, паром өткелдерін, темір жол өткізулерін тұрақты көпірлер мен жол өтпелерімен ауыстыру;
      тіреуіш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетін құрылысты құру және қалпына келтіру;
      қайта салынған және жаңадан салынған көпірлерді сынау;
      тоннельдердің құрастырушы элементтерін, тау жолдарындағы қорғау галереясы мен қалқаларын жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галерея мен қалқаларды тұрақтыларға ауыстыру;
      5) көшенің қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектілеріне көшелерді жайластыру мен орналастыру бойынша:
      көшелерді немесе олардың жекелеген учаскелерін архитектуралық ресімдеу және орналастыру;
      аялдамалық, түсу алаңын және автопавильонды жабдықау;
      тротуарларды, көше учаскелеріндегі өту жолдарын салу;
      күрделі жөндеу өтіп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын құрылғы мен жол белгілерін жаңадан салу немесе ауыстыру;
      жекелеген көше учаскелерінде, көпірлерде электрмен жарықтандыру орнату.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады