Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Ерназар және Морозовский лесхоз ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 4490 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің 12.01.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 1 наурыздағы №37 ұсынысы негізінде Ерназар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұсақ қара малдардан сарып ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округінің Ерназар және Морозовский лесхоз ауылдарының аумағында шектеу іс-шаралары орнатылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ерназар ауылдық
      округінің әкімі Р. Заденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады