Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6 –V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 7/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қыркүйекте № 4670 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 23/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 30.11.2017 № 23/7-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 – бабының 5- тармағына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6–V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2842 тіркелген, 2013 жылғы 31 қаңтарда "Көктас таңы", "Пульс! Зыряновска" № 4 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1- тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Р.Карагужина
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Л.Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады