Зырян және Серебрянск қалаларының аумағында жолаушыларды және багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 338 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 қарашада № 4740 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 451 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 11.12.2017 № 451 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

      1. Зырян және Серебрянск қалаларының аумағында жолаушыларды және багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 70 (жетпіс) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. "Зырян қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 2702 қаулысының (2014 жылдың 4 желтоқсандағы № 48 "Көктас таңы" және "Пульс Зыряновска" газетінде жарияланған, нормативтік актілер тізілімінде 3564 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданының әкімі А. Кәрімов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зырян ауданы
      мәслихатының хатшысы
      _______________Л. Гречушникова

      "12" _10_ 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады