Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 6-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 қазанда № 4721 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 35-3 шешімімен

      Сноска. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 18.03.2019 № 35-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық маслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына отын сатып алуға 10600 (он мың алты жүз) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек мөлшері Шығыс Қазақстан облысы маслихатының шешімімен белгіленген.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Құнафиянов
      Тарбағатай аудандық
      маслихатының хатшысы С. Жақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады