2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 4249 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 24.11.2016 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 8 "2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3813 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпандағы "Серпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (А. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Халелов

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 15 қаңтардағы
№ 3 қаулысына
қосымша

2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

      1. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
      2. 50 (елу) жастан асқан адамдар;
      3. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бітірушілері;
      4. Алған мамандық бойынша тәжірибесі және еңбек өтілі жоқ жастар;
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқуды бітірген тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады