Кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 шілдеде № 15371 болып тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 406 бұйрығына 1-қосымша

Кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-36) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және кемелерді және порт құралдарын күзету талаптарын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидалардың күші:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 және одан да көп тіркелімді тонналық, халықаралық рейстерді орындайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін жүк кемелеріне;

      2) халықаралық рейстерді орындайтын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін жолаушылар кемелеріне;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кемелерге қызмет көрсететін порт құралдарына қолданылады.

      3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Әскери-Теңіз Күштерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің теңіз бөлімдеріне қолданылмайды.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кеменің порт құралдарымен немесе басқа кемемен өзара іс-қимыл – кеме тура және тікелей іс-әрекетімен қозғайтын адамдардың, жүктердің ауыстырылуына немесе порт немесе кеме тарапынан немесе кемеден басқа кемеге қызметтерді ұсынуына байланысты өзара іс-қимыл;

      2) Күзету туралы декларациясы – әрбір тарап өзі мақұлдаған күзету жоспарының ережелеріне сәйкес қабылдайтын күзету шараларына қатысты өзара іс-қимыл болатын кеме мен порт құралы немесе басқа кеме арасындағы келісім;

      3) уәкілетті орган – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) кемені күзету жоспары – күзетуді бұзу қатерлерден адамдарды, жүктерді, жүктік көлік бірлігі, кемелік қорларды немесе кемені күзетуге арналған, кемеде шаралардың қолдануын қамтамасыз ету үшін әзірленген жоспар;

      5) порт құралдарын күзету жоспары – порт құралдарының аумағындағы күзетуді бұзу қатерлерден порт құралдары мен кемелерді, олардың жүктерін, жүктік көлік бірлігі, адамдарды, кемелік қорларды күзетуге арналған шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін әзірленген жоспар;

      6) кемені күзетуге жауапты командалық құрамның тұлғасы – кеменің күзетуін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу, қоса алғанда кемені күзету жоспарын орындауға және күзетуге жауапты кеме иесінің лауазымды тұлғасымен және күзетуге жауапты порт құралдарының лауазымды тұлғасымен байланыс үшін кеме иесімен тағайындалған, капитанға есеп беретін тұлға;

      7) күзетуге жауапты кеме иесінің лауазымды тұлғасы – кемені күзету бағалауын жүргізуін қамтамасыз ету үшін, кемені күзету жоспарын әзірлеу, мақұлдауына ұсыну және кейіннен орындауға және күзетуге жауапты порт құралдарының лауазымды тұлғасымен және кемені күзетуге жауапты командалық құрамының тұлғасымен байланыс үшін кеме иесімен тағайындалған тұлға;

      8) күзетуге жауапты порт құралдарының лауазымды тұлғасы – порт құралдарының жоспарын әзірлеуге, орындауға және қайта қарауға және кемелерді күзетуге жауапты командалық құрамның тұлғаларымен және күзетуге жауапты кеме иесінің лауазымды тұлғаларымен байланысқа жауапты теңіз портының иесімен немесе терминалының операторымен тағайындалған тұлға;

      9) 1 күзету деңгейі – күзетуді қамтамасыз ету бойынша ең төменгі тиісті шаралардың тұрақты ұсталу деңгейі;

      10) 2 күзету деңгейі – оқиғаның жоғары қауіп-қатері үшін біраз уақыт кезеңі ішінде күзетуді қамтамасыз ету бойынша тиісті қосымша шаралар ұсталу деңгейі;

      11) 3 күзету деңгейі – белгілі бір шектелген уақыт аралығы кезіндегі оқиғаның бәлкім немесе онсыз болуы, күзетуді қамтамасыз ету бойынша ерекше іс-шаралар одан әрі ұсталуы, кейде нақты шабуыл мақсатын анықтау мүмкін емес.

2-тарау. Кемелерді күзету жөніндегі тәртібі

      5. Кемелерді күзетуді жүзеге асыру үшін мынадай тәртіп сақталады:

      1) кемені күзету бағалауын жүргізу;

      2) бағалауды жүргізу туралы есепті дайындау;

      3) кемені күзету жоспарын әзірлеу;

      4) кемені күзету жоспарын мақұлдау.

      6. Кемені күзету бағалауын жүргізу үшін күзетуге жауапты кеме иесінің лауазымды тұлғасы кеменің кіретін барлық порттардың және порт құралдарының қауіп-қатерлерін, сондай-ақ оларды күзету шараларын ескереді.

      7. Кемені күзету бағалауын жүргізген кезде кемедегі мынадай элементтерге:

      1) материалдық құралдардың сақталуына;

      2) кеменің конструкциялық тұтастығына;

      3) персоналды күзету жүйесіне;

      4) кемедегі іс-әрекет тәртібіне көзқарас;

      5) компьютерлік жүйелер мен желілерді қоса алғанда, радио жүйелері және басқа да байланыс жүйелері;

      6) адамдар, меншік, кемелік операциялар немесе порт құралдары шегіндегі операциялар үшін қауіп-қатерлерді тудыратын ақпараттарды қағып алу үшін бүлінген немесе пайдаланылған басқаларына назар аудару қажет.

      Барлық элементтер Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясының ХІ-2-тарауы 4-қағидаларының 2-тармағымен (бұдан әрі – СОЛАС), Кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі халықаралық кодексінің А бөлігінің 8.4-тармағымен және Б бөлігінің 8-бөлімімен (бұдан әрі – КПҚҚ кодексі) көзделген шарттарға сәйкес орындалады.

      8. Кемені күзету бағалауын жүргізген кезде қандай тұлғалар, қызмет, көрсетілетін қызмет пен операциялар түрлері маңызды күзету объектілері болып табылатынын ескеріледі.

      9. Кемені күзету бағалауының нәтижелері бойынша:

      1) өткізілген бағалау тәртібі;

      2) әрбір әлсіз объектінің сипаттамасы;

      3) әрбір әлсіз объектіге қабылданып жатқан шараларды қамтитын ақпараттарды қосатын есеп дайындалады.

      10. Кемені күзету бағалауын жүргізілгені туралы есеп күзетке жауапты кеме иесінің лауазымды тұлғасымен бекітіледі және рұқсатсыз қол жеткізу мен жария етуден қорғалады.

      11. Кемені күзету бағалауын жүргізілгені туралы есептің негізінде күзетке жауапты кеме иесінің лауазымды тұлғасы кемені күзету жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді.

      12. Кемені күзету жоспарын әзірлеген кезде КПҚҚ кодексінің Б бөлігі 9-бөлімнің 9.2 және 9.7-тармақтарының талаптары ескеріледі.

      13. Кемені күзету жоспарымен КПҚҚ кодексінің Б бөлігі 9-бөлімінің 9.9 – 9.49-тармақтарына сәйкес 1, 2, 3 күзету деңгейлері кезінде қабылданатын қауіпсіздік шаралары регламенттеледі:

      1) экипаж мүшелерінің, жолаушылардың, келушілердің және басқа да тұлғалардың кемеге қолжетімділігі;

      2) кемеге шектелген қолжетімділігінің учаскелері;

      3) жүкті өңдеу;

      4) кеме қорларын жеткізу;

      5) алып жүрілмейтін багаждардың айналымы;

      6) кеменің күзетілуін бақылау.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерді қолданылатын 1, 2, 3 күзету деңгейлері туралы (еркін нысанда) хабарлайды.

      14. Кемені күзету жоспарымен порт құралдардан Күзету туралы декларацияны ресімдеу туралы сұрау салу келіп түскен кезде қандай іс-қимыл жасау керектігін және кемеге Күзету туралы декларацияны қандай жағдайларда ресімдеу керектігін көздейді.

      15. Күзетке жауапты кеме иесінің лауазымды тұлғасы және кемені күзетуге жауапты командалық құрамның тұлғасы Кемені күзету жоспарына жоспардың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін және мақұлданған жоспарға түзетулерді дайындауды көздейді.

      16. Кемені күзету жоспары және оған түзетулер Кеме қатынасы тіркелімімен немесе Заңның 4-бабы 3-тармағының 55-7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен танылған шетелдік сыныптау қоғамдарымен мақұлданады.

      17. Кемені күзетуге жауапты командалық құрамның тұлғасы кемеде бір жыл сақталатын КПҚҚ кодексі А бөлігінің 10.1-тармағында көрсетілген жазбаны жүргізеді.

3-тарау. Порт құралдарын күзету жөніндегі тәртібі

      18. Порт құралдарын күзетуді жүзеге асыру үшін мынадай тәртіп сақталады:

      1) порт құралдарын күзету жағдайының бағалауын жүргізу;

      2) бағалауды жүргізу туралы есепті дайындау;

      3) порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеу;

      4) порт құралдарын күзету жоспарын мақұлдау.

      19. Порт құралдарын күзету бағалауы өзіне мынадай элементтерді қамтиды:

      1) күзетке маңызды, мүлікті және инфрақұрылымды анықтау және бағалау;

      2) мүлікке және инфрақұрылымға ықтимал қатерлерді анықтау, күзетуді қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау мақсатында олардың іске асыру ықтималдығы және осы шараларды өткізу кезектілігі;

      3) шараларды анықтау және таңдау, олардың кезектілігін және рәсімдік өзгерістерін белгілеу, сондай-ақ осалдығын төмендету үшін олардың тиімділік деңгейін анықтау;

      4) адами факторларды қоса алғанда, инфрақұрылымда және персоналды күзету жүйелерінде әлсіз жерлерін анықтау.

      Барлық элементтер СОЛАС ХІ-2-тарауы 10-қағидаларының 2-тармағымен, КПҚҚ кодексі А бөлігі 15.4-тармағымен және Б бөлігі 15-бөлімімен көзделген шарттарға сәйкес орындалады.

      20. Порт құралдарын күзету бағалауының нәтижелері бойынша ақпараттарды қосатын есеп дайындалады:

      1) өткізілген бағалау тәртібі;

      2) әрбір осал объектілердің сипаттамасы;

      3) әрбір осал объектілерге қатысты қабылданып жатқан шаралар.

      21. Порт құралдарын күзету бағалау есебі негізінде әрбір порт құралдары үшін кеме – портпен өзара іс-қимыл жасасудың мақсаттарына жауап беретін порт құралдарын күзету жоспары әзірленеді.

      22. Порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеген кезде КПҚҚ кодексі Б бөлігі 6-бөлімінің 16.3 және 16.8-тармақтарының талаптары есепке алынады.

      23. Порт құралдарын күзету жоспарымен КПҚҚ кодексінің Б бөлігі 9-бөлімінің 16.10 – 16.54-тармақтарына сәйкес 1, 2 және 3 күзету деңгейлері кезінде қабылданатын қауіпсіздік шаралары регламенттеледі, олар:

      1) порт құралдарына қолжетімділікті;

      2) порт құралдары шегінде шектеулі қолжетімділік учаскелерін;

      3) жүкті өңдеуді;

      4) кеме қорларын жеткізуді;

      5) алып жүрілмейтін багаждардың айналымы;

      6) порт құралдарының күзетілуін бақылауды қамтиды.

      24. Егер операторы, орналасқан жері, пайдалануы, порт құралдарының жабдықтары мен құрылғылары бірдей болған жағдайда порт құралдарын күзету бір жоспарына немесе бағалауына олардың бірлесуіне рұқсат етіледі.

      25. Жоспарды электрондық нысанда, егер ол ақпараттарды рұқсатсыз өшіруді, оны бұрмалауды және өзгеріс енгізуді болғызбауға бағытталған рәсімдерімен қорғалған болса сақтауға рұқсат етіледі.

      26. Порт құралдарын күзету бағалауы туралы есебі мен порт құралдарын күзету жоспарын және оларға түзетулерді Заңның 4-бабы 3-тармағының 55-35) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мақұлдайды.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 406 бұйрығына 2-қосымша

Кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі талаптар

      1. Осы Кемелерді және порт құралдарын күзету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-36) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және кемелерді және порт құралдарын күзету талаптарын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

      2. Күзетуге жауапты кеме иесінің лауазымды тұлғасы кеменің күзету жағдайын бағалау үшін қажетті барлық алынған мәліметтердің есебін жүргізеді, сондай-ақ күзету саласындағы сарапшыларды тартады.

      3. Кемені күзету шараларын әзірлеген кезде күзетке жауапты кеме иесінің лауазымды тұлғасы және кемені күзетуге жауапты командалық құрамның тұлғасы кеме экипажы құрамының қолайлығы, жайлылығы мен жеке өмірінің мүдделерін сақтау, сондай-ақ олардың ұзақ уақыт кезеңі ішінде кәсіби жарамдылығының сақталу қабілеті ескеріледі.

      4. Кемені күзету жоспарымен порт құралдарындағы әрекет ететін күзетудің деңгейі жоғарырақ қолданылған кезде кеменің қолданатын жағдайларды, толық рәсімдері мен күзетудің шараларын көздеу қажет.

      5. Кемені күзету жоспары кеменің жұмыс тілінде әзірленеді. Егер қолданылған тіл немесе ағылшын, француз немесе испан тілдерінде болмаса, онда жоспар қосымша осы тілдердің біріне аударылады.

      6. Кемені күзету жоспары кемені күзету туралы халықаралық куәлігімен (кемені күзету туралы уақытша куәлігімен) бірге кеме бортында сақталады.

      7. Күзету туралы декларация КПҚҚ кодекі Б бөлігінің 1-толықтыруына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Күзету туралы декларацияның ең аз сақтау мерзімі кеменің порт құралдарымен немесе басқа кемемен өзара іс-қимылы аяқталғаннан кейін кемінде 90 күн.

      8. Порт құралдарын күзету бағалауы туралы есеп рұқсатсыз қол жеткізу мен жария етуден қорғалады.

      9. Порт құралдарын күзету жоспары мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, рұқсатсыз қол жеткізу мен жария етуден қорғалады.

      10. Порт құралдарын күзету бағалауын және порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеуді Заңның 4-бабы 3-тармағының 55-37) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен анықталған ұйым жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады