Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 30 қазанда № 15943 болып тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 30-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ____________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы 11 қазан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ____________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 29 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 5 қазан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 330 бұйрығымен
бекітілген

Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 30-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) электр желілері – электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғайтын электр беру желілерінің жиынтығы;

      2) электр желілерінің күзет аймағы – электр желілерін сақтауды қамтамасыз ету, пайдаланудың қалыпты жағдайларын жасау, олардың зақымдануының, сондай-ақ осы желілердің күзет аймағында қалған тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бөлінген жер учаскелері, су және әуе кеңістігі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының барлық жұмыс істеп тұрған, жобаланатын, салынып жатқан және жаңғыртылатын электр желілеріне, оның ішінде ұлттық электр желілеріне қолданылады және оның аумағында заңды және жеке тұлғалармен орындалады.

      4. Электр желілерінің күзет аймақтарының жай-күйін бақылау қарауында осы желілер бар ұйымдармен жоспарлы, кезеңдік, сондай-ақ желілерде технологиялық бұзушылықтар пайда болған кездегі жоспардан тыс тексерулер арқылы қамтамасыз етіледі.

      5. Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін иемденбей, белгіленеді.

      6. Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері электр желілерінің, оның ішінде олардың аумақтары бойынша өтетін электр желілерінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.

      7. Қарауында электр желілері бар ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері) арасындағы даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.

2-тарау. Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу тәртібі

1-параграф. Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібі

      8. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электр желілерінің пайдаланылуы үшін қалыпты жағдай жасау және жазатайым жағдайларды болдырмау үшін жер учаскелері бөлінеді, күзет аймақтары белгіленеді.

      9. Электр желілерінен ғимараттарға, құрылыстарға дейінгі, сондай-ақ электр берудің әуе желілері сымдарынан жер және су бетіне дейінгі рұқсат етілген ең аз арақашықтықтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес анықталады және ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу, ағаштар мен көшеттерді қысқарту және кесу кезінде сақталады.

      10. Электр желілерінің күзет аймақтары жер учаскесі түрінде және шеткі сымдардың кескіндерінің екі жағынан жер бетінде тұрған (олардың ауытқымаған қалыбында) тік түзу қоршаулармен шектелген әуе кеңістігі түрінде электр беру желісінің бойымен (ғимаратқа кіретін тармақтарды қосқанда) белгіленеді.

      11. Электр желілерінің күзет аймақтары төмендегідей белгіленеді:

      1) кернеуі 1 киловольтқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі жалаң сымды әуе желілер үшін – 2 метрден (бұдан әрі - м);

      2) кернеуі 1 кВ-қа дейінгі өздігінен оқшауланған сымдар үшін – 1 м;

      3) 1-ден 20 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 10 м кем емес;

      4) 35 кВ әуе желілері үшін 15 м кем емес;

      5) 110 кВ әуе желілері үшін 20 м кем емес;

      6) 220 кВ әуе желілері үшін 25 м кем емес;

      7) 330-дан 500 кВ-ға дейінгі әуе желілері үшін 30 м кем емес;

      8) 1150 кВ әуе желілері үшін 55 м кем емес.

      12. Ауытқымаған жағдайларында шеткі сымдардан екі жағында тұрған жазықтықтармен шектелген су айдындарының су бетіндегі әуе кеңістігі түріндегі су қоймалары (өзендер, арналар, көлдер және басқалары) арқылы өтетін электр берудің әуе желілерінің бойымен күзет аймақтары кеме жүзетін су қоймасы үшін - 100 м арақашықтықта, кеме жүзбейтін су қоймасы үшін – жер бетімен өтетін электр берудің әуе желілерінің бойымен күзет аймақтарын белгілеу үшін көзделген арақашықтықта болады.

      13. Шеткі кабельдерден 1 м арақашықтықта желінің екі жағы бойынша жер учаскесі түрінде тік жазықтықтармен қоршалған жерасты электр берудің кабель желілері бойымен, ал қалаларда тротуарлардың астымен өтетін электр берудің кабель желілері үшін – ғимараттар мен құрылыстарға қарай 0,6 м және көшенің жүргінші бөлігіне қарай 1 м.

      14. Жерасты байланыс кабельдері немесе қарауында кабель желілері бар ұйымдардың электр кабельдері бар түйісу немесе жақындасу орындарында электр берудің әуе желілері тіректерінде оған дейінгі арақашықтық көрсетілген кабель бағытындағы сызық түрінде ескертуші белгілер орнатылады.

      15. Электр желілерінің күзет аймақтарына кіретін жер учаскелері жер пайдаланушылардан және жер иелерінен алынбайды және осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, олардың өзі ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылады.

      16. Электр берудің әуе желілерінің күзет аймақтарындағы пішенді жырту, жинау, шығару, жайылма суару сияқты алаңдық ауыл шаруашылығы жұмыстары иелігінде осы желілер орналасқан ұйымды алдын ала осы жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жазбаша хабарлау арқылы жер пайдаланушылар жүргізеді.

      17. Ауыл және қала құрылыстары шектерінде әуе және кабель желілері өткенде жергілікті атқарушы органдар ауданның құрылысына рұқсат беру кезінде электр желілерінің күзет аймақтарының құрылысына тыйым салады.

      18. Электр берудің әуе желілері бойымен және мемлекеттік орман қорының орман алаптарында және елді мекендер шегіндегі жасыл көшеттердегі кіші станциялардың, таратушы құрылғылардың және ауыстырып-қосу пункттерінің периметрі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10679 болып тіркелді) Мемлекеттік орман қоры учаскілерінде сүректі босату қағидаларына сәйкес орман жолдары төселеді.

2-параграф. Осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары

      19. Электр берудің әуе желілері мемлекеттік орман қоры аумағы арқылы өткен кезде сымдарға тікелей жақын өсетін ағаштарды кесуді және қырқуды мемлекеттік орман иеленушілер қарауында осы желілер бар ұйымдармен шарт бойынша жүргізеді.

      Әуе желілері саябақтар, бақтар және басқа да көп жылдық көшеттер арқылы өтсе, ағаштарды кесуді және қырқуды қарауында электр берудің әуе желілері бар ұйымдар, ал екі жақты келісім болса – теңгерімінде осы көшеттер орналасқан ұйымдар немесе азаматтар – бақ және басқа көп жылдық көшеттер иелері қарауында электр берудің желілері орналасқан ұйымдар анықтаған тәртіпте жүргізеді.

      20. Қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.

      21. Электр желілерінің күзет аймақтарында көрсетілген жұмыстарды жүргізуге жазбаша келісім алған жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке қаражаты есебінен желілердің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды сақтай отырып, оларды орындайды.

      Күзет аймақтарында жару жұмыстарын жүргізуге жазбаша рұқсатты осы жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың жару жұмыстары кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 350 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10273 болып тіркелді) бекітілген Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін беріледі.

      22. Суаратын және коллекторлы-дренажды арналарды салу, жүзімдіктер мен бақтар қатарларын орнату кезінде және басқа жұмыстарды жүргізуде электр желілеріне кіреберіс және кіретін жолдары сақталады.

      23. Әртүрлі иелерге жататын басқа мақсаттағы кернеуі 1 кВ-ге дейінгі электр беру желілерінің тіректерінде өзара ілінісу кезінде желіге жөндеу жұмыстарын жүргізетін әрбір иесі басқа иесіне шығын әкелуі мүмкін немесе оның өкілі қатысуы тиіс осындай жөндеу жұмыстары туралы мүдделі иеге алдын ала күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей хабарлайды.

      24. Егер механизмдегі не оның жылжымалы бөлігіндегі ауадан, сондай-ақ көтерілетін жүктің олардың кез келген қалыбындағы (оның ішінде аса ауыр көтергенде немесе ұшқанда) жақын арадағы кернеуде тұрған сымға дейінгі арақашықтық Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелді) бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарына сәйкес келсе әртүрлі механизмдерді пайдалана отырып, әуе электр беру желілерінің маңындағы жұмыстарды орындау жүзеге асырылады.

      25. Кабельден жер жұмыстарын жасайтын орынға дейінгі арақашықтықты қарауында электр берудің желілері бар ұйым әрбір жеке жағдай бойынша анықтайды және жазбаша келісімде көрсетеді.

      26. Электр берудің желілерінде авариялық жағдайлар орын алған кезде, осы желілер қарауында орналасқан ұйымдарға, олардың салдарларын жою мақсатында осы желілердің трассасына жақын орналасқан орман алқаптарындағы және орманды қорғау сызықтарындағы жекелеген ағаштарды кесуге, кейіннен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10679 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларында анықталған тәртіппен рұқсат беру құжаттарын ресімдеу арқылы рұқсат беріледі.

      Бұл ретте қарауында осы желілер бар ұйымдар туындаған авариялық жағдай туралы орман иелерін хабардар етеді.

      27. Қарауында электр беру желілері орналасқан ұйымдар осы желілердің күзет аймақтарында электр желілерін жөндеуге және пайдалануға қажетті жер жұмыстарын және өзге де жұмыстарды жүргізеді.

      28. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерден өтетін электр желілерін жөндеу және реконструкциялау жөніндегі жоспарлы жұмыстар жер пайдаланушылармен келісім бойынша және осы жерлер ауыл шаруашылығы дақылдарынан бос болғанда немесе осы дақылдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болғанда жүргізіледі.

      Қарауында электр берудің желілері бар ұйымдар егін себу жұмыстарының басталуына дейін үш ай бұрын электр берудің желілерін жөндеу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жоспарланған мерзімдер туралы жер пайдаланушыларды жазбаша хабардар етеді.

      29. Электр беру желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстарды жылдың кез келген уақытында жер пайдаланушылар мен жер иеленушілердің келісімінсіз, бірақ оларды жүргізілетін жұмыстар туралы хабардар ету арқылы жүргізіледі.

      30. Қарауында электр беру желілері орналасқан ұйымдар авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындаған соң жердің пайдаланылатын жерлерін мақсатты бағыты бойынша оларды пайдалану үшін жарамды жай-күйге келтіруге, сондай-ақ жер пайдаланушылар жұмысты жүргізуде келтірілген шығындарды өтейді. Жер пайдаланушылардың шығындары тараптардың келісімі бойынша анықталады және өтеледі.

      31. Жергілікті атқарушы органдар электр беру желілерінің орналасқан жері туралы мәліметтерді мүдделі ұйымдарға береді.

      32. Қарауында салынып жатқан немесе қолданыстағы электр берудің кабель желілері бар ұйымдар көрсетілген желілерді селсоқ токтардан қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

      33. Қарауында электр желілері бар ұйымдардың жұмыскерлеріне жұмыстар жүргізуге наряд-рұқсатта жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін басқа ұйымдардың аумақтарында орналасқан электр желілерінің объектілеріне кедергісіз кіру қамтамасыз етіледі.

      34. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері қарауында электр желілері бар ұйымның жұмыскерлері электр желілерді электр энергиясынан ажыратқаннан кейін электр желілерінің күзет аймақтары орналасқан объектілердегі өртті сөндіруге кіріседі.

      35. Күзет аймағында жер жұмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлғалар жұмыс өндірісінің техникалық құжаттамасында көрсетілмеген кабельді анықтаған кезде осы жұмыстарды дереу тоқтатып, кабельдің сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы иелігінде электр желілері орналасқан жақын энергия беру ұйымына немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

      36. Жеке және заңды тұлғалар электр желілерінің күзет аймақтарындағы қарауында электр желілері орналасқан ұйымдардың электр желілерінің сақталуын және жазатайым жағдайлардың алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарын орындайды. Қарауында электр желілері бар ұйымдар электр желілерінің күзет аймағында жеке және заңды тұлғалар жұмыстар жүргізу уақытында адам өміріне қауіп төнген кезде бұл қауіпті жойғанға дейін жұмыстарды тоқтата тұрады.

      37. Қарауында электр желілері бар ұйымның уәкілетті лауазымды тұлғалары осы Қағидалардың бұзылуын анықтаған жағдайда, бұзушылық фактілерін растайтын материалдарды (фотосуреттер, түсініктемелер, электр беру желілерін өту схемалары, күзет аймағында жұмыс жүргізу рұқсаттары және басқа да қолда бар материалдар) қоса беріп, еркін нысанда акті жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

      38. Электр желілерін жеке және заңды тұлғалардың кінәсі бойынша зақымдаған кезде нұқсанды өтеу қарауында осы желілер бар ұйыммен жасалған авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау шығындарының келісілген сметасы бойынша толық көлемде олардың есебінен жүргізіледі.

      39. Жоғары кернеуі 6-дан 20 кВ-ға дейінгі кіші станциялар, секциялық және тарату пункттері үшін бөлінетін жер учаскелерінің аудандары осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген шамадан аспайды.

      40. Жоғары кернеуі 35-тен 1150 кВ-ға дейінгі электр жалғанымдары (жиынтықтыны қоса алғанда) әртүрлі схемалы кіші станциялар үшін бөлінетін жер учаскелерінің аудандары осы Қағидаларға 2-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес белгіленеді.

      41. Осы Қағидаларға 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген ғимараттар мен құрылыстардың құрамына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстардың құрамы бар (соның ішінде тарату құрылғылары ұяшықтарының саны бар) кіші станциялар үшін бөлінетін жер учаскелерінің аудандары осы Қағидаларға 2-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген шамаларға ұлғайтылады немесе азайтылады.

  Электр желілері объектілерінің
күзет аймақтарын және осындай
аймақтардың шекараларында
орналасқан жер учаскелерін
пайдаланудың ерекше
шарттарын белгілеу
қағидаларына
1-қосымша

Электр желілерінен ғимараттарға, құрылыстарға дейінгі, сондай-ақ электр берудің әуе желілері сымдарынан жер және су бетіне дейінгі рұқсат етілген ең аз арақашықтықтар

      Электр желілерінен рұқсат етілген ең аз арақашықтық мынадай:

      1. Жақын арадағы тұрғын, өндірістік және өндірістік емес ғимараттар мен құрылыстарға дейін:

      1) 1-20 кВ ӘЖ үшін 2 м,

      2) 35-110 кВ ӘЖ үшін 4 м,

      3) 150-220 кВ ӘЖ үшін 6 м.

      2. өндірістік емес ғимараттар мен құрылыстардың және электр станциялары мен кіші станциялардың өндірістік ғимараттары мен құрылыстарының жақын арадағы шығыңқы бөлігіне дейін:

      1) 330 кВ ӘЖ үшін 8 м,

      2) 500 кВ ӘЖ үшін 10 м.

      3. тұрғын және қоғамдық ғимараттардың, өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың (электр станциялары мен кіші станциялардан басқа) жақын арадағы шығыңқы бөлігіне дейін:

      1) 330 кВ ӘЖ үшін 20 м,

      2) 500 кВ ӘЖ үшін 30 м.

      Ескертпе:

      Электр беру желілерінің стадиондар, оқу және балалар мекемелері аумақтары арқылы өтуіне жол берілмейді.

      20 кВ-ке дейінгі электр берудің әуе желілері үшін шеткі сымнан үй жанындағы жер учаскесіне, жеке үй, ұжымдық бақша учаскелерінің шектеріне дейін кемінде 20 м арақашықтықта жол беріледі.

      Ғимараттар мен құрылыстардың үстінен электр берудің әуе желілерінің өтуіне жол берілмейді.

      Жабыны жанбайтын материалдардан жасалған ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі бойынша құрылыс нормаларына және қағидаларына сәйкес өртке тұрақтылығы І-ІІ деңгейлі өндірістік ғимараттар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылыстарының үстінен электр берудің әуе желілерін жүргізуге жол беріледі (330-750 кВ ӘЖ үшін тек электр станциялардың өндірістік ғимараттарының үстінен).

      Электр беру желілері үшін қойма аумағында орналасатын сұйылтылған көмірсутекті газдардың резервуарларынан бастап қойма құрамына кіретін, сондай-ақ оның аумағынан тыс орналасқан басқа объектілерге дейінгі, және тауарлық-шикізат базасының құрамына кіретін сұйылтылған көмірсутекті газдар қоймалары резервуарларынан бастап басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар тіреу биіктігінен кемі 1,5 м құрайды.

  Электр желілері объектілерінің
күзет аймақтарын және осындай
аймақтардың шекараларында
орналасқан жер учаскелерін
пайдаланудың ерекше
шарттарын белгілеу
қағидаларына
2-қосымша

Кіші станциялар үшін бөлінетін жер учаскелерінің аудандары

      1-кесте

Кіші станциялар, таратушы және секциялық пункттер

Бөлінетін жер учаскелерінің аудандары, м2

Қуаты 630 кВА дейінгі бір трансформаторы бар 20/10/4 кВ жиынтықты кіші станциялар

30,0

Қуаты 630 кВА дейінгі екі трансформаторы бар 20/10/4 кВ жиынтықты кіші станциялар

80,0

Қуаты 250 кВА бір трансформаторы бар діңгекті кіші станциялар

40,0

Сол қуаты 250 кВА екі трансформатормен

60,0

Секциялық пункттер

60,0

Жабық түрдегі таратушы пункттер

80,0

Қуаты 630 кВА дейінгі бір немесе екі трансформаторы бар жабық түрдегі кіші станциялар

150,0



      Ескертпе. Қуаты 630 кВА астам трансформаторы бар жабық түрдегі кіші станциялар үшін жер бөлу аудандары жобамен анықталады.

      2-кесте

Кіші станциялардың электр жалғанымдарының схемалары

Трансформаторды кіші станцияда орнатқан кезде бөлінетін жерлердің аудандары, мың м2,

Екі орамды, кернеуі кВ

Үш орамды, кернеуі кВ

35

110

220

110

220

500/220/6-10

1150/500

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Кернеуі төмен 6-20 кВ шина трансформаторы – желі блогы

1,4

2,8

6

-

-

-


5 ұяшықты орта кернеулі 35 кВ шина трансформаторы – желі блогы

-

-

-

3,5

-

-

-

10 ұяшықты орта кернеулі 35 кВ немесе 6 ұяшықты 110 кВ шина трансформаторы – желі блогы

-

-

-

-

3,0

-

-

2. Үлкейтілген блок (желі – 2 трансформатор) немесе кернеуі аз 6-10 кВ қосарланған блок (2 желі – 2 трансформатор)

3,0

4,0

14

-

-

-

-

Үлкейтілген блок (желі – 2 трансформатор) немесе 10 ұяшықты орташа кернеулі 35 кВ қосарланған блок (2 желі – 2 трансформатор)

-

-

-

9,3

-

-

-

Үлкейтілген блок (желі – 2 трансформатор) немесе кернеуі орташа 110 кВ қосарланған 12 ұяшықты блок (2 желі – 2 трансформатор)

-

-

-

-

3,4

-

-

3. Көпірлер немесе 6-10 кВ кернеуі төмен қосымша желілері бар қосымша 2 блок

3,0

6

20

-

-

-

-

Көпірлер немесе кернеуі орташа 35 кВ 10 ұяшықты қосымша желілері бар қосымша 2 блок

-

-

-

-

36

-

-

4. Кернеуі төмен 6-10 кВ төртбұрыш (кеңейтілгенді қоса алғанда)

-

-

35

-

-

-

-

7 ұяшықты кернеуі орташа 110 кВ төртбұрыш (кеңейтілгенді қоса алғанда)

-

-

-

-

50,0

-

-

5. 7 ұяшықты жоғары кернеулі, кернеуі төмен 6-10 кВ жинақталатын шиналары бар

6

16

40

-

-

-

-

7 ұяшықты жоғары кернеулі және 8 ұяшықты кернеуі орташа 35 кВ жинақталатын шиналары бар

-

-

-

26

-

-

-

13 ұяшықты жоғары кернеулі және 17 ұяшықты кернеуі орташа 110 кВ жинақталатын шиналары бар

-

-

-

-

50

-

-

6. Алты ұяшықты кернеуі орташа трансформатор – желі блогы

-

-

-

-

26

-

-

7. 12 ұяшықты кернеуі орташа төртбұрыш

-

-

-

-

60

-

-

8. Екі орташа кернеуі бар 14 ұяшықты жоғары кернеудегі бір жарым қосылысты: 220 кВ 16 ұяшықты және 110 кВ 20 ұяшықты, бір фазалы автотрансформаторлы екі топпен және екі синхронды компенсаторлармен

-

-

-

-

-

120

-

9. Жоғары кернеудегі 10 ұяшықты және орташа кернеудегі 15 ұяшықты, бір фазалы автотрансформаторлардың екі топтарымен және екі синхронды компенсаторлары бар трансформатор – шиналар

-

-

-

-

-

160

500

      Ескертпелер: 1. Кестеде келтірілген жердің аудандары басқарудың жалпы қосалқы пунктінің бір немесе екі трансформаторларының кіші станцияларында жоғары (және орташа) кернеудің ашық таратушы құрылғыларын, төменгі кернеулі жиынтықты таратушы құрылғылардың орналасуын есепке алады.

      2. 2, 3 және 4 бағандарында және 1, 2 және 3-тармақтарында қарастырылған кіші станцияларға бөлінген жердің аудандары тұрақты қызмет көрсететін жайлардың аудандарын ескермейді.

      3. Станциялардың аудандары қарама-қарсы тараптағы электр беру желілерінің шығару, ашық таратушы құралдар, трансформатордың ашық құралдарын қарастырады. Кестеде келтірілген мағынадан төмен мағыналар мына коэффициенттерге көбейтіледі:

      1) бір тарапқа жоғары және орташа кернеудің желілері шығарылған кезде – 1,15

      2) бір тарапқа 900 бұрышқа жоғары және орташа кернеудің желілері шығарылған кезде – 1,10

      3) жоғары және орташа кернеулі жабық таратушы құрылғылар кезінде – 0,6

      4) трансформаторларды жабық орнату кезінде – 0,9

      4. Кіші станцияларда екі трансформаторлар немесе жерге тұйықтандыру контурының құрылғылары орнатқан жағдайда жерді бөлудің ауданы жобамен анықталады.

      3-кесте

Кіші станциялардың ғимараттары мен құрылыстары

Бөлінген жер учаскелерінің аудандары, м2

Қызмет көрсететін персоналға арналған қосымша үй-жай

300

35 және 110 кВ трансформаторларды тексеруге арналған портал

300

35 кВ Ашық таратушы құрылғының ұяшығы

300

Аппаратты май шаруашылығы

300

Резервуарлы және құбырлары бар жоғары қысымды сорғы станциясы

500

6-10 кВ Жабық таратушы құрылғы

500

6-10 кВ Жиынтықты таратушы құрылғы

500

110 кВ Ашық таратушы құрылғының ұяшығы

1000

15 мың кВ Ар бойынша екі синхронды компенсаторлы қондырғы

1500

Майдың ашық қоймасы

1500

150 және 220 кВ Ашық таратушы құрылғының ұяшығы

1500

50 немесе 100 мың кВ Ар екі синхронды компенсаторлы қондырғы

3000

Трансформаторларды тексеруге арналған мұнара

3000

Статикалық конденсаторларға арналған батареялар

3000

330 кВ Ашық таратушы құрылғының ұяшығы

3000

Шашыратқыш бассейн

8000

500 кВ Ашық таратушы құрылғының ұяшығы

8000

1150 кВ Ашық таратушы құрылғының ұяшығы

26000

      Ескертпе: Кестеде көрсетілмеген ғимараттар мен құрылыстар үшін бөлінген жер учаскелерінің аудандары жобамен анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады