Есіл ауданы Заречный ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 желтоқсанда № 6256 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Заречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл ауданы Заречный ауылдық округі Заречный ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Строительная көшесі Нұрлы жол көшесіне;

      2) Титов көшесі Қаныш Сәтпаев көшесіне;

      3) Октябрьская көшесі Тұрар Рыскұлов көшесіне;

      4) 40 лет Казахстана көшесі Жеңіс көшесіне;

      5) Садовая көшесі Абылай хан көшесіне;

      6) Первомайская (1) көшесі Бірлік көшесіне;

      7) Первомайская (2) көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;

      8) Дружба көшесі Достық көшесіне;

      9) Дорожная көшесі Жібек жолы көшесіне;

      10) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      11) 50 лет октября көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      12) Набережная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне.

      2. Есіл ауданы Заречный ауылдық округі Дальнее ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Центральная көшесі Сарыарқа көшесіне;

      2) Ишимская көшесі Есіл көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Заречный ауылдық
округінің әкімі
Н.Милюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады