Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 тамызда № 6060 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің Зеренді ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 267 ұсынысы негізінде, Ақкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі Молодежный ауылының аумағындағы ұсақ қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5487 болып тіркелген, "Зерделі Зеренді" және "Зерен" газеттерінде 2016 жылдың 12 тамызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауылдық округі
әкімінің міндетін
атқарушы
Г.Ғабитова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Зеренді аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің Зеренді ауданы
бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспекторы
Қ.Аманов

      2017 жылғы "25" 07

      "Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Ақмола облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Зеренді аудандық
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Мақанов

      2017 жылғы "25" 07

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады