Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5778 болып тіркелді

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 05 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Веселов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округі Веселое ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Школьная көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
      2) Комсомольская көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне;
      3) Первомайская көшесі Баубек Бұлқышев көшесіне;
      4) Набережная көшесі Хамит Ерғалиев көшесіне;
      5) Студенческая көшесі Астана көшесіне;
      6) АТП көшесі Береке көшесіне;
      7) ХПП көшесі Атамекен көшесіне.
      2. Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округі Новоселовка ауылының көшелері қайта аталсын:
      1) Степная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
      2) Набережная көшесі Қараөткел көшесіне.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Веселов ауылдық округінің
әкімі
Б.Амрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады