Целиноград ауданының Софиевка ауылдық округінің Софиевка ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 тамызда № 6056 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2017 жылғы 28 маусымдағы № 01-34-130 ұсынуы бойынша Софиевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданының Софиевка ауылдық округінің Софиевка ауылы аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.      

      2. "Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округінің Софиевка ауыл аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 08 қыркүйектегі №2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген, 2014 жылғы 03 қазанда "Ақмол ақпараты", "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Софиевка ауылдық
округінің әкімі
Э.Артықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады