Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 36 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 5839 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 15.06.2018 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылдың 23 қарашадағы № 6-10/145 ұсынысына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі, Аманкелді ауылында орналасқан "Баймұрат" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында сарып ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Е.C. Куспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады