Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 26 қаңтарда № 5253 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 2 қорытындысы негізінде және Қарауылкелді ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      "Жаңа құрылыс-1" көшесі "Сәнше Есенбаева" есімімен;

      "Жаңа құрылыс-2" көшесі "Қания Хайруллина" есімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық
округінің әкімі
Е. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады