Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 120 "Айына салық салу бірлігі үшін нақтыланған салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 146 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 мамырда № 5492 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 227 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 01.03.2018 № 227 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1..Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 18 ақпандағы № 120 "Айына салық салу бірлігі үшін нақтыланған салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-79 болып тіркелген, "Қарғалы" газетінде 2009 жылғы 3 сәуірде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында және мәтінде "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2..Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      В.Руднев Н.Заглядова

  Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 146 шешіміне қосымша
  Аудандық мәслихатының
2009 жылғы 18 ақпандағы
№ 120 шешіміне қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

Айлық есептік көрсеткіштерде тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің мөлшері

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады