Қобда ауданының Бұлақ ауылдық округінің Әлия ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 5254 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 2 қорытындысы негізінде және Әлия ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қобда ауданының Бұлақ ауылдық округінің Әлия ауылындағы Ю. Гагарин" көшесі "Мерғали Үдербаев" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұлақ ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
Б. Айдосов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады