Мәртөк ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 75 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 наурызда № 5314 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Мәртөк ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәртөк ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Тлегеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Қалауов

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 75 қаулысына қосымша

Мәртөк ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала)

Мектепке дейінгі ұйымдарда болу ұзақтығы (сағат)

Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушінің шығындарының бір айдағы орташа бағасы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарының бір күнге төлемақы мөлшері (теңге)

Бала бақша

Бала бақша

1

Мәртөк ауылы

10,5

36 948

36 948

300

2

Қызылжар ауылы

10,5

30 148

30 148

250

3

Саржансай ауылы

10,5

28 353

28 353

250

4

Родниковка ауылы

10,5

34 979

34 979

250

5

Қаратаусай ауылы

10,5

22 430

22 430

250

6

Жайсаң ауылы

10,5

29 129

29 129

300

7

Қаратоғай ауылы

10,5

29 748

29 748

250

8

Хазірет ауылы

10,5

22 278

22 278

250

9

Сарыжар ауылы

10,5

17 324

17 324

300


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады